Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінде өзін-өзі басқару күні
Бүгін, 30.09.2022ж күні Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейінде өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды. Бұл шара аясында Мектеп парламенті (Өзін-өзі басқару ұйымы) жоғарғы сынып оқушылары, оқу процесін өз қолдарына алып, дәріс жүргізді. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау